Жасанды интеллект: қызметші құзыры артады

Аудан әкімі аппаратының ұсынысымен және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жасанды интеллект: пайдасы мен ықтимал қауіптері» тақырыбындағы үш күндік оқыту семинары өтті.

Семинарды Atyrau Hub басшысы Ра¬виль Қаржауов жүргізіп, қатысушыларға жасанды интеллект саласындағы соңғы трендтер мен практикалық мүмкіндіктерді түсіндірді. Оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауатын арттырып, заманауи техно¬логияларды жұмыс процесінде тиімді қолдануға үйрету. 

Семинар барысында жасанды интеллекттің мемлекеттік басқарудағы маңызы, қауіпсіздік және этика мәселелері, ықтимал тәуекелдер мен қиындықтар кеңінен талқыланды. Генеративті AI жүйелерін пайда¬лану, Ұлттық ЖИ платформасының құрылымы, интеллектуалды агенттердің қызметі және мемлекеттік органдардағы озық тәжірибелер қатысушыларға нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Равиль Қаржауовтың айтуынша, бүгінгі мемлекеттік қызмет үшін жасанды интеллектті меңгеру – уақыт талабы. 

– ЖИ технологияларын сауатты қолдану мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып қана қоймай, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біздің мақсат – қызметшілерді цифрлық ортаға бейімдеп, күрделі процестерді жеңілдетуге көмектесу, – деді ол. 

Семинар соңында қатысушылар ЖИ көмегімен шешім қабылдау, мәліметтерді талдау және генеративті құралдарды іс жүзінде пайдалану бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындап, жаңа дағдылар қалыптастырды. Осындай білім мен тәжірибені ұштастыратын іс-шаралар мемлекеттік басқаруды жаңа деңгейге көтеруге ықпал етіп, цифрлық трансформация үдерісін жеделдететіні сөзсіз. 


Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT