Облыста 26 мың жаңа жұмыс орны

Халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру -  ел экономикасының өсуімен тікелей байланысты. Бүгінде облысымызда  инвестициялық жобаларды іске асыру мен  шағын және орта бизнесті қолдау бағытында атқарылған кешенді жұмыстар  экономиканың әр саласында 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов 2025 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді. 

Мансап орталықтарына жүгінген 35 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамту шараларына тартылып отыр. Олардың ішінде 15 мың адам жұмысқа орналастырылып, соның 8 627-сі тұрақты, ал 7 105-і мемлекет тарапынан субсидияланатын орындарға бағытталды. Азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмысқа, жастар практикасына, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және 50 жастан асқан жандарға арналған «Күміс жас» жобалары аясында еңбекке тартылуда. 

Сонымен қатар кәсіптік бағдар беру аясында 14 мың адамға ваучер беріліп, 4,3 мың адам кәсіптік оқумен қамтылды. Өз кәсібін бастау үшін 291 адам қайтарымсыз гранттарға ие болды. Бұдан бөлек 2 мың адам «online skills» арқылы оқып, олардың 1 689-ы ауыл шаруашылығы, IT, сервис, туризм, әлеуметтік қызмет, көлік және логистика, қаржы және бухгалтерлік есеп, маркетинг, өндіріс және білім беру салалары бойынша сертификаттарға ие болды. 71 адам қысқа мерзімді тегін курстарда, ал 95 адам «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған өндірістік оқуларда білім алды.
Ел Үкіметінің жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы шаралары өңірде өз нәтижесін беруде.  


Даурен Нагимов, 
Махамбет аудандық Мансап орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT