Қазақстан Республикасының даму стратегиясының маңызды бағыттарының бірі – шетелдік инвесторларды тарту арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту. Шетелдік инвестициялық жобалар еліміздің инфрақұрылымын дамытып, жаңа өндірістерді іске қосуға, заманауи технологиялар мен басқару тәжірибесін енгізуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында РерsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихомен кездесіп, аталған компанияның Қазақстандағы ірі инвестициялық жобасының жүзеге асыру барысын талқылады.
Алматы облысында инвестиция көлемі 368 миллион доллады құрайтын, әйгілі бренд снэктер шығаратын зауыттың құрылысы басталды.
Аталмыш жоба аясында компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетініп отыр.
Мұндай ірі шетелдік инвестициялық жобалар жобалар – ел экономикасының жаңғырып, тұрақты дамуына серпін береді. Олар елге жаңа технология, капитал, тәжірибе әкеліп қана қоймай, болашақ ұрпаққа сапалы инфрақұрылым мен дамыған өнеркәсіп қалдырады. Қазақстан алдағы уақытта да инвесторлар үшін сенімді, ашық әрі тартымды серіктес болуды мақсат етіп отыр.
С.ШОТПАҚОВ,
Мемлекеттік қызмет ардагері