Жасанды интеллект дәуіріне қадам – білім саласындағы жаңа бетбұрыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарламаны әзірлеу қажеттігін атап өтті.

 Бұл — еліміздің болашағы үшін аса маңызды бастама. Өйткені қазіргі заманда цифрлық сауаттылық пен технологияны меңгеру — табысты ұлттың кепілі.

Ауданымыздың білім беру ұйымдары да осы бағыттағы жұмыстарды қолдап, балалардың ІТ, робототехника және жасанды интеллект салаларына қызығушылығын арттыруға ерекше назар аударып келеді.

Бұл бастама жас ұрпақтың шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамытып, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуына жол ашады.

 

Г.Сәдуақас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT