Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесін барлық аймақтарға тарату қажеттігін атап өтті. Бұл бастама – өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған нақты әрі өзекті шешім.
Бүгінгі таңда балалардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік қабілеттерін дамытуға арналған орталықтардың маңызы зор. Мұндай орталықтар баланың тек білім алуына ғана емес, тұлға ретінде қалыптасуына, өз қызығушылығы мен қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі арқылы осындай орталықтарды әр аймақта ашу – ел болашағына салынған инвестиция деп айтуға толық негіз бар.
Ауылдық жерлерде де осындай орталықтардың ашылуы – балалардың тең мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл ата-аналарға қолдау, педагогтарға жаңа жұмыс орны, ал балаларға өз дарынын дамыту алаңы болмақ.
Ауданымызда да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, шығармашылығын арттыруға бағытталған жобаларды дамытуға толық мүмкіндік бар.
Президенттің бұл бастамасы еліміздің әр өңіріндегі балаларға сапалы даму ортасын қалыптастыруға жол ашатынына сенімдіміз.
Ж.Жоламанова

