Жасанды интеллект дәуірі: Жолдаудың жаңа міндеттері

Бүгінде адамзат жасанды интеллект дәуіріне аяқ басты. Бұл – тек технологиялық серпіліс емес, сонымен қатар өмір сүрудің, ойлау мен еңбек етудің жаңа мәдениеті. Әлем елдері экономиканы әртараптандыруда, ғылымды ілгерілетуде, халықтың тұрмысын жақсартуда осы бағытқа сүйеніп отыр. Қазақстан да бұл ғаламдық өзгерістерден шет қалмай, дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда.

Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік дамуын басты назарға алып, нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе білім беру мен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың артуы – болашаққа жасалған сенімді инвестиция. Бұл – жастардың сапалы білім алып, ел игілігіне қызмет етуіне, ал әрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға жағдай жасайтын маңызды қадам.

Сонымен қатар Жолдауда ауыл мен қала арасындағы теңсіздікті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, ғылым мен инновацияға қолдау көрсету секілді бағыттар кеңінен қамтылды. Президент атап өткендей, жасанды интеллектті түрлі салаға енгізу – экономиканың тиімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін шешуші фактор.

Жолдау – жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның өз бағытын айқындап, болашаққа нық сеніммен қадам басуына жол ашатын тарихи құжат. Ондағы бастамалар елдің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ұлттың бірлігін нығайтуға қызмет етеді.

Ләззат Бақтығалиева,

Махамбет ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT