Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жасанды интеллект дәуірі басталды» деп атап көрсеткен еді. Расында да, бүгінде әлемнің даму бағыты жаңа технологиялармен тығыз байланысты. Цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект сияқты үрдістер әрбір саланың ажырамас бөлігіне айналуда. Осы орайда Президенттің мектеп оқушыларына жасанды интеллект негіздерін оқыту туралы бастамасы – білім беру жүйесін жаңғыртудағы дер кезінде көтерілген және батыл қадам.
Президент мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект (AI) негіздерін оқыту туралы бастамасы – білім беру жүйесін жаңғыртудағы батыл әрі дер кезінде көтерілген мәселе. XXI ғасыр – технологиялық серпіліс дәуірі. Осы кезеңде елдің дамуы цифрлық сауаттылыққа, бағдарламалау қабілетіне және деректерді өңдеу дағдыларына тікелей байланысты.Балаларға мектеп қабырғасынан бастап алгоритмдік ойлауды, деректерді талдауды және AI технологияларының негіздерін үйрету – оларды болашақта тек тұтынушы емес, сонымен қатар технология жасаушы болуға бағыттайды. Мұндай білім ерте берілген сайын, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен логикалық ойлауы соғұрлым ерте дамиды. Бұл өз кезегінде ІТ саласында отандық кадрлар даярлауға, стартап экожүйесін нығайтуға және Қазақстанның инновациялық әлеуетін арттыруға жол ашады.
Төре Пангерей,
Аудандық әкелер кеңесінің төрағасы, Қ.Қалыбеков орта мектебінің тарих пәні мұғалімі