Жасанды интеллект – болашаққа бастар стратегиялық қадам

Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл – тек технология емес, елдің болашағын айқындайтын стратегиялық бағыт.

Жасанды интеллектті дамыту арқылы біз экономиканы тиімді басқарып, адами капиталдың сапасын арттыра аламыз. Инновациялық шешімдер мен заманауи тәсілдер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Президент Жолдауда ұлттық AI стратегиясын жүзеге асыруды тапсырды. Бұл – технологияны игеретін, цифрлық дәуірде ойлайтын жаңа буынның уақыты.

Кім біледі, ертеңгі табысты стартап немесе инновациялық жоба дәл сенен басталуы мүмкін. Сондықтан әрбір жас білім мен ізденіске ұмтылып, заманауи технологияларды меңгеруге талпынуы қажет.

Қазақстан үшін бұл бағытта инфрақұрылым мен кадрлық әлеуетті дамыту, сондай-ақ этика мен қауіпсіздік стандарттарын сақтау айрықша маңызды.


С.Құжырбаев,
Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы,
аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT