Бүгінгі жаһандану дәуірінде көптеген талантты отандастарымыз шетелдің беделді университеттерінде білім алып, әлемдік компанияларда тәжірибе жинақтауда. Ендігі мақсат – сол білім мен тәжірибені ел игілігіне бағыттап, қазақстандық ғылым мен экономиканы дамытуға үлес қосу.
Мемлекет білікті мамандарды елге қайтару бағытында «Қазақстанға пайдалы бол!», «Жаңа форматтағы репатриация», сондай-ақ жастарға арналған гранттық бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.
Әрбір шетелде жүрген қазақстандық – ел дамуына үлес қоса алатын тұлға. Білімі мен қабілетін туған жердің өркендеуіне арнау – нағыз патриотизмнің айқын көрінісі.
А. Құрманбаева,
Махамбет ауданы,
Белсенді жас