Жолдауда ЖИ көмегімен ауылшаруашылық кешені, экологиялық мәселелер, әлеуметтік-экономикалық, өзге де салалар бойынша жобалар жоспарланғаны айтылған. Президент Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың стратегиялық маңызына ерекше тоқталыпты. Ол Қытаймен осы саладағы серіктестік туралы келісімге қол жеткізгенін айтқан еді. Бұл бастамалар елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа технологиялар трансферіне жол ашты. Демек, отандық ғылыми мектептердің дамуын, ядролық инженерия, энергетика бағытында жоғары білікті мамандар даярлауды талап етеді. Мемлекет басшысының айтуынша Қазақстандағы кешенді аэрогеофизикалық зерттеулер ескірген. Сондықтан заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып, жер қойнауының жаңа карталарын жасау қажет. Сонымен қатар халықаралық сарапшыларды тарту геологиялық барлау әлеуетін күшейтеді. Қазақстан уран қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында тұр. Тек шикізат ретінде емес, бейбіт атомды дамытуда денсаулық сақтау саласында ядролық медицинаны ілгерілетуде жаңа технологияларды енгізуде стратегиялық мүмкіндік береді. Осы тұрғыда кадрлар даярлау ісі шешуші рөл атқарады. 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 трлн долларға жетуі мүмкін. Бұл үрдіске еліміз белсенді ілесіп келеді. Сонымен қатар елде алғашқы суперкомпьютер де іске қосылды.
Ақылбек Салиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы


