Жолдауда Президент еліміздегі су ресурстарының азаюы мен сапасы төмендеуі Қазақстан үшін аса өзекті мәселе екенін атап өткен еді. Су тек ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің ғана емес, халықтың күнделікті өмірі мен экологиялық тұрақтылықтың негізгі көзі. Сондықтан су секторын кешенді түрде жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, суармалы егіншілікті үнемдеу жүйелерін кеңейту міндеті қойылды. Сонымен бірге трансшекаралық өзендер мәселесі де назардан тыс қалмады.
Мемлекет басшысы көрші елдермен өзара тиімді шешімдер негізінде суды ортақ пайдалану тетіктерін жетілдіруді ұсынды. Халықаралық деңгейде су мәселесін зерттеу орталықтарын құру жөнінде бастама көтерді. Бұл қадам Қазақстанның аймақтық су қауіпсіздігі саласындағы жетекші рөлін нығайтуға бағытталған.
Су-стратегиялық маңызды ресурс. Кезінде ата-бабамыз «Судың да сұрауы бар» дегенін білеміз. Бүгінде су тапшылығы- ғаламдық мәселеге айналып отыр.
Бекбол Қыдыров, Махамбет ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы


