Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында айтылған жасанды интеллектіні ауыл шаруашылығына енгізу туралы бастамасы – еліміздің аграрлық секторы үшін аса маңызды қадам деп білемін.
Бұл бағыттағы жұмыстар жердің сапасын анықтап, өнімнің шығымдылығын арттыруға, егін алқаптарының жағдайын бақылауға және нақты қандай дақыл егілгенін талдауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар шаруаларға уақытылы шешім қабылдап, еңбек өнімділігін еселеп арттыруға жол ашады.
Жасанды интеллект пен спутниктік мониторингті тиімді қолдану ауыл шаруашылығының жаңа деңгейге көтерілуіне, ауылдық жерлердің дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенемін.
Айя Коказова