Ғылымды қолдау – елдің ертеңгі тағдыры

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте айтқан ойлары – баршамызға үлкен бағдар. «Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты» деген тұжырымы шынында да – аксиома. Өйткені ғылымсыз даму болмайды. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бәрі ғылым мен технологияға сүйеніп, жетістікке жетіп отыр.

Мемлекет басшысы атап өткен жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық ел болу міндеті – Қазақстан үшін уақыт күттірмейтін мәселе. Бұл бағыттағы жұмыстар ауылдық жерлерге де жетіп, жастарға қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе, білім саласына жаңа технологияларды енгізу, ауыл мектептерін заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз ету болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.

Президентіміздің Қытай мен АҚШ-та жасаған келісімдері де – еліміздің экономикасына серпін беретін қадам. Ірі инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс орындары көбеюі халыққа игілік әкеледі деп сенеміз.

Ардагерлер қауымы Мемлекет басшысының бастамаларын әрдайым қолдап келеді. Бүгінгі айтылған міндеттердің іске асуына да барынша үлес қосамыз. Өйткені ғылымды қолдау, жастарға жол ашу – елдің ертеңгі тағдыры үшін қажет қадам.

Марат САБЫРҒАЛИЕВ,
Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT