Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында патриотизм ұғымының мазмұны уақыт талабына сай өзгеріп келе жатқанын нақты көрсетті. Бүгінде отаншылдық тек дәстүрлі құндылықтармен шектелмей, ел дамуына нақты үлес қосуды білдіреді.
Қазіргі жастар патриотизмді ұранмен емес, іспен дәлелдеуді жөн көреді. Олар әсіредіншілдік пен әсіреұлтшылдықтан гөрі, білімге, ғылымға және заманауи технологияларға басымдық береді. Елді сүю – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа бастама көтеру, қоғамға қажет жобалармен айналысу.
Жастар Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде көргісі келеді. Сол үшін жасанды интеллект, цифрландыру, инновация бағыттарына бет бұрып, өз әлеуетін ел игілігіне жұмсауға дайын. Мұндай көзқарас – қоғам санасындағы оң өзгерістің айқын белгісі. Жасампаз патриотизм – еліміздің болашағын қалыптастыратын басты күш.
Аманжан Тілегенов,
Аудандық Жастар ресурстық орталығы маманы


