«Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Махамбет ауданы аумағында  2 ақпан мен 20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі,- деп хабарлайды аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
– Шараның негізгі мақсаты – қару айналымы саласындағы заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Іс-шара барысында қызметтік және спорттық қаруды пайдаланатын ұйымдарда қаруды сақтау, есепке алу, пайдалану және алып жүру тәртібінің заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Сондай-ақ, жауапты тұлғалардан қару сақталатын үй-жайлардың техникалық нығайтылуын, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуін, рұқсат құжаттарының мерзімдерінің өзектілігі тексеріліп, бақылауға алынады,- делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT