Заң мен тәртіп: Балалар қауіпсіздігі бәрінен маңызды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде  мектеп оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында шара өткен еді.  Оған аудан прокурорының орынбасары, білім бөлімінің әдіскерлері, ұстаздар, психологтар, жоғары сынып оқушылары қатысты. 
Іс-шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Берікқызы ашып, соңғы кездері жасөспірімдер арасында қылмыстар көбейгенін, ауданда әкелер форумы үйымдастырылғанын, құқық қорғау, прокуратура қызметкерлерімен жұмыстар жасалып жатқанын қаперге берді. 
Аудан прокурорының орынбасары Серік Жаңабаев алып, өткен жылы құқық бұзылықтар орын алғанын, оның ішінде қорқытып шақыру, төбелес әрекеттері байқалғанын еске салды. Құқық бұзушылық баптарына жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде ұрлық, есірткі заттарын сатуға ұрынып қалатын жасөспірімдер кездесетінін, оның жазасы ауыр болып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын мысалдар келтіре отырып, баяндады. 
Аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Қабышева іс-шараны қорытындылап,  балалар қауіпсіздігі ең маңызды екенін, мектепте ұстаздары болса, үйде ата-анасы барын, қазіргі уақытта түрлі жағдайлар болып жатқанын, қайғылы жағдайға ұшыраса, кімге жолығу керектігін білмей жататын балалар барын да айта кетті.  Сонымен қатар прокуратура саласына да  жұмысқа кіруге болатынын, оның қандай жұмыстар атқаратынымен хабардар болуға мүмкіндік барын жеткізді. 
А.Текебай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT