Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихат депутаттарының сайлауына Махамбет ауданының жастары да белсенді түрде өз үлестерін қосуда.
Солардың бірі – Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінің 4 курс студенті Шыңғыс Нұрғалиұлы. Бүгін ол алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
- Бұл менің қатысып отырған ең алғашқы сайлауым. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз таңдауымды жасап, дауыс беруді борышым деп білемін. Бұл тек халқымыздың ғана емес, біз сияқты жастардың болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Байқағаным, сайлауға түсіп отырған 5 партияның ешқайсысы да осал емес. Қайсысы басымдық танытса да елдің дамуына ықпал етер партияның жеңіске жетеріне сенемін,-дейді Шыңғыс.
«Әркімнің өз таңдауын жасағаны маңызды» екенін сезінген Шыңғыс секілді жас буын өкілдері сайлау учаскелерінің есіктері жабылғанша толастамайтына сенімдіміз.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ