Аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов өз таңдауын жасады

зейнеткерлер Лұқпанова Шанғайша, Есенова Ұлболсын, Имашева Қабидалар да сайлау бюллетеньдерін алып, қалаған партиясына дауыс берді.

Сайлаушылардың барлығы да тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде саяси науқанға атсалысуда. 

Махамбет ауылдық округіне қарасты №215 сайлау учаскесінде аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов келіп өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінің төрағасы Тойған Сариеваның айтуынша №215 сайлау учаскесі бойынша 1187 сайлаушы тіркелген. 

215-1

- Махамбет ауданы бойынша сайлауға дайындық өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары да, орта буын өкілдері мен жастар да белсенділікпен қатысуда. Аудан басшысының өзі де келіп таңдауын жасап кетті. Сайлаушылардың барлығы да тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде саяси науқанға атсалысуда. Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап келіп жатқан азаматтардың санынан-ақ халықтың сайлауға деген қызығушылығы жоғары екенін көруге болады деп ойлаймын, – дейді Т. Сариева.

Ауданымызға белгілі ерлі-зайыпты ардагерлер, ұзақ жылдар спорт саласында еңбек еткен Тыныштық Үмбеталиев пен мәдениет саласының майталманы Ұлжалғас Байетова да қол ұстасып бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

2

- Біз саналы ғұмырымызды ауданның дамуына арнаған ардагерлерміз. Бұған дейін де талай сайлауға қатысқан адамдармыз. Бірақ бұл сайлауда бұрынғы сайлауларға қарағанда өзгешелік бар. Өйткені, депутаттық корпусқа әйелдер мен жастарды тартуға басымдық берілген. Сондықтан да болар ауыл тұрғындары сайлауға белсенділікпен қатысып жатыр. Сайлау сәтті өтіп, халқымыз аман болғай! – дейді Т.Үмбетәлиев.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521