Владимир Стамов: «Сайлау – біздер үшін мереке»

Сан түрлі ұлттың басы қосылған саялы Сарытоғай тұрғындары таңмен таласа тұрып, сайлау учаскесіне бет алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының белді мүшесі, еңбек ардагері, болгар ұлтының өкілі Владимир Стамов та елдің болашағы үшін дауыс беріп, азаматтық борышын орындағандардың бірі.

s

- Сайлауға барып, дауыс беру – біздер үшін мереке. Әрбір азамат әр сайлаудан кейін өзгеріс күтетіні, бүгінгі күннен де керемет өмірді қалайтыны белгілі. Мен де өз таңдауымды жасау үшін таңғы сағат 7-де сайлау учаскесіне барып, Парламент пен мәслихатты жаңартатын азаматтар үшін таңдауымды жасадым. Олар да біздің сенімімізді ақтап, сайлау алдында берген уәделерін орындайды деген ойдамын. Ауылдық жерлерді дамыту бағытында жақсы жұмыстар жасалады деген сенімдемін,-дейді В.Стамов.

Айта кету керек, Сарытоғай ауылында орналасқан №220 сайлау учаскесінде 1145 сайлаушы тіркеліп, қазіргі уақытта 50 пайыздан жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT