Жас маманның үздік жобасы

Фото: zh-shugylasy.kz

 Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен STEAM технологияларын оқу процесінде қолдану мақсатында пән мұғалімдері арасында «STEAM: Әдіс. Практика» тақырыбында облыстық байқауы бастау алған болатын.

 Аталған байқаудың аудандық кезеңінде Steаm технология­сын оқу процесінде қолданатын 7 мектептің информатика және физика пәндерінің мұғалімдері қатысып, шеберлігін шыңдады. Әділқазылардың шешімімен облыстық байқауға Қызылүй орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Нұрбол Хамзиннің «Жергілікті туризмді дамыту. Сарайшық» жобасы жіберілді.

Облыстық байқауда Steаm тех­нологияларын оқу процесінде қолданатын, жан-жақты кәсіби дамыған, практикалық икемділігі мен дағдысы қалыптасқан үздік ма­манды анықтау барысында 7 педа­гог бақ сынады. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде педагогтің әртүрлі әдістерді – STEM техно­логияларын оқу бағдарламасында айқындалған сабақтар көрсетілсе, екінші кезеңде өзекті тақырыптарға дайындалған креативті , нақты авторлық позициясы бар, иннова­циясы, құндылығы, шығармашылық тәсілі бар жобалар ұсынылды.

Аудан намысын қорғаған Нұрбол Хамзин облыстық байқаудан І орынды жеңіп алып, аудан мерейін асқақтатты.

Қазбек БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521