Тәуелсіздік жылдарында еліміз әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында гендерлік саясатты жүзеге асыруда бірқатар жетістіктерге жетті. Осы кезеңде Қазақстан әйелдердің мәртебесі мен құқықтарына қатысты халықаралық келісімдерге қосылды және бекітті. Гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың тұтас институционалдық жүйесі қалыптасқан, елеулі құқықтық база құрылды. Тұжырымда жасақталып, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы орайда аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия да өз деңгейінде жұмыстар атқарып келеді.
Аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиеваның төрағалығымен өткен 2023 жылдың соңғы комиссия отырысында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Г.Бекбаева жыл бойы атқарылған жұмыстарды атап өтті.
-Жыл басынан бастап атап айтар болсақ, ақпан айында Бақсай ауылдық округінде «Ақкербез» атты қыз-келіншектерге арналған клуб жұмысын бастады. Аталған клуб қыз-келіншектердің қоғамдағы өзіндік орны мен беделін, отбасы ынтымақтастығын, мәдениетін арттыру, көнерген дәстүрлерді жаңарту мақсатында Бақсай ауылдық мәдениет үйі жанынан ашылды. Комиссия «8 Наурыз-Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай, аудан әкімінің ардагер аналарды үйлеріне барып құттықтауын ұйымдастырды.
18 сәуірде комиссиясының 1-ші отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. Күн тәртібінде аудандық Аналар Кеңесі және Әкелер Кеңесінің жылдық жұмыс жоспарларымен танысу, ұсыныстарын тыңдау, мониторинг жүргізу, аудандағы отбасылардың әл- ауқатына мониторинг жүргізу, әйел-аналардың тұрмысына талдау жүргізу жұмыстары туралы, ауданда жасөспірімдер мен жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың және ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары туралы мәселелер қаралып, пікірлер- ұсыныстар айтылды.
«15 мамыр–Халықаралық отбасы күніне» орай, ауданы әкімінің бір топ үлгілі отбасыларымен кездесуі ұйымдастырылды. Өз кезегінде, қазыналы қариялар мен ардақты аналар аудан әкіміне жүрек жарды алғыстарын жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.
5 шілдеде комиссияның №2-ші отырысы өтті. Күн тәртібінде ауданда баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау туралы, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін тұрғындар арасында ілгерілету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, ана мен бала өлімін азайту, жасанды түсік санын азайту бағытында және «Аңсаған сәби» бағдарламасының аудан бойынша атқарылып жатқан шаралары туралы аудандық орталық ауруханасының хабарламасы, ауыл әйелдерін бизнеске тарту, отбасы бизнесін дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау; аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпікерлік бөлімінің, ауылдық округтер әкімдерінің хабарламалары тыңдалды.
8 қыркүйекте ауданда қазақстандық «Отбасы күніне» орай, «Отбасым- бақыт мекені» атты шаралар топтамасы өткізілді. «Үздік отбасылар шеруінен» бастау алған шара, аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде жалғасын тапты. Комиссия төрағасы Света Ертлеуқызы халқымыздың өнегесі мен отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 2023 жылғы аудандық байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттап, Алғыс хаттар мен сый- сияпаттар табыстады.
Айта кететін жәйт, алдыңғы жылдарда аталған байқауға 4-5 отбасыдан қатынасса, комиссияның ұйымдастыруымен биылғы жылы аудандық кезеңге 10 отбасы қатынасып, 2 отбасы облыстық кезеңнің лауреаттары атанды. Шара барысында ақ орамалдың қадір- қасиетін түсіндіруге арналған «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылып, өнегелі отбасылардың қазыналы әжелері үлгілі жас келіндерге ақ орамал тағып, батасын берді.
Аудан көлемінде әйел адамдарға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жоспары жасақталып, бекітілді.
Аталған жоспарлар негізінде бірқатар бірлескен жұмыстар ұйы мдастырылды. 18 қазанда комиссия мүшелері, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Сапарғалиевамен бірлесіп, отбасындағы тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын-алу мақсатында О.Шонаев атындағы мектеп психологын қатыстыра отырып, «Отбасы кабинетінде» жас отбасыларымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты болдырмау және оған қарсы күрес, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту үшін, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
20 қазанда комиссиясының 3-ші отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. Күн тәртібінде «Отбасылық құндылықтарды нығайту, неке құрған жас отбасылардың арасындағы ажырасудың алдын алу» бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы, «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық–зомбылық фактілерінің себептеріне талдау жасау жұмыстары туралы» мәселелер қаралды.
24 қазанда аудан орталығы Махамбет ауылында жеке кәсіпкер Торбаева Шолпанның тігін шеберханасының ашылу салтанаты өтті.
9 қараша күні комиссиясының қолдауымен, аудандық Аналар кеңесі аудандық Жастар ресурстық орталығында «Біз-өнерлі аналар» атты шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шара барысында аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Жібек Шамалиқызы бастаған қол өнер шеберлері үй шаруасында отырған, әр жастағы аналар мен қыздарға шеберлік бағытындағы тәжірибелерін ұсынып, тоқу, әр түрлі материалдардан қажетті бұйымдар жасау жолдарымен таныстырды.
13 қараша күні комиссия хатшысының және әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Сапарғалиеваның ұйымдастыруымен аудандық Жастар ресурстық орталығында отбасылық тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша жастар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта аудан аумағында зорлық- зомбылыққа қарсы 8 тақырыптық баннерлер орналастырылды.
Комиссия мүшелерінің, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Сапарғалиеваның қатынасуымен аудан бойынша «25 қараша–10 желтоқсан» аралығында «Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқаны өткізілді. Аудандық мекемелерде, ауылдық округтерде, білім беру ұйымдарында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, флэш-мобтар, домбырашылардың күй шеруі ұйымдастырылып, трендік видеолар түсірілді.Барлығы- 53 шара өткізілді. Шара барысында тақырыптық жадынамалар, буклеттер таратылып, қатысушыларға қызғылт сары түсті шарфтар тағылды. Алдағы уақытта, аталған бағытта жұмыстар жалғасын табатын болады, деді Г.Бекбаева.
Одан әрі аудандық білім бөлімі басшысы В.Қабышева мен аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Қайырғалиев ауыл балаларын қосымша біліммен қамту, спорт секцияларымен және үйірмелермен қамту, олардың бос уақыттарын тиімді өткізілуін ұйымдастыру шараларына тоқталды.
Жиын соңында жылың қорытындысымен комиссия мүшелеріне марапаттар табыс етілді.
Баян СҮЙЕУОВА