"Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Қылмыстық жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың  16-26 қаңтар аралығында республика аумағында "Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, "қорғау нұсқамасы", "ерекше талаптар", "маскүнем", "нашақор" және қолайсыз отбасылар санаттары бойынша есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізу болып табылады.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың ІІО қызметкерлері денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде зардап шегіп, медициналық мекемелерге жүгінген азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырды.

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасы мүшелерімен жұмыстану ісіне ҮЕҰ мен волонтерлер тартылды.

Волонтерлік топтар өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды спорттық секцияларға, үйірмелерге қатыстыра отырып, оларға көмек көрсетті. Сонымен қатар, есепте тұрған ата-аналар мамандар әр түрлі кеңестер алды.

А.Сапарғалиева

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының

инспекторы полиция капитаны                                                                

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT