Жас аяқдопшылар жарады

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өткен футзалдан «Kanikul CUP» облыстық ашық турниріне қалалық және ауылдық командалар қатысты. Байрақты додада Махамбет аудандық БЖСМ футболшыла­ры ерекше көзге түсіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысында жоғарғы топ жүлделі III орынға тұрақтаса, 2013-2014 және 2015-2016 жылғы жасөспірімдер командасы I орынды жеңіп алып, турнир чемпионы атанды.

Үздік ойыншылар болып Қанат Ис­лам, Мұхамбетжан Батырхан және Қамидолла Батырхан танылды.

Сонымен қатар Атырау қаласында 2017-2018 жылғы жасөспірімдер ара­сында «Достық» кубогі өтті. Бірнеше мықты команданың қатысуымен өткен жарыста Махамбет аудандық БЖСМ құрамасы жүлделі II орынды иеленіп, өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Турнирдің үздік ойыншысы атанған – Сәулет Төреәлі.

Команданы жарысқа дайындаған: А.Идрисов , Д.Ғабдолажан , Ш.Муханғалиев, А. Алдешов.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT