Педагогтер тәжірибе алмасты

Қараша айының 18-20 күндері мектепке дейінгі ұйымдардағы пән мамандарына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының міндеттерін іске асыру жолдары» тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинарлары өтті. 

Жоғары температура, денедегі бөртпе

Соның бірі мектепке дейінгі ұйымдардағы қазақ тілі мамандарына арналған жиын «Жауқазын» бөбекжай- бақшасында ұйымдастырылды. Семинарға аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскері Гүлфая Қамиқызы , мобильдік топ жетекшілері мен аудан балабақшаларындағы қазақ тілі ма­мандары қатысты. Шараның негізгі мақсаты – балабақшаларда пәндік ұйымдастырылатын іс-әрекеттерді жоспарлау ерекшеліктерін, оның құрылымын, заңдылықтарын, қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеу жолдарын түсіндіру, мамандарға бағыт-бағдар беру болды.

Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлфая Қамиқызы ашып, қазіргі таңда барлық балабақшалардың қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондай-ақ биылғы оқу жылында жұмысқа қосылған және мектеппен қатар қосымша жұмыс атқарып жүрген жаңа мамандарды та­ныстырды. Семинар барысында Зи­нура Темірова («Алтын-ай» бөбекжай- бақшасы), Алтынай Избулова («Алтын балық» бөбекжай-бақшасы), Ақтоты Еркінова («Нұршуақ» бөбекжай- бақшасы) өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеяларын ортаға салды.

Бөбекжай-бақша психологы Болған Сәменқызы қатысушыларға сергітетін психологиялық тренинг өткізіп, шараның атмосферасын жан­дандыра түсті. Жиын соңында Гүлфая Қамиқызы семинарды қорытындылап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз тәжірибесімен бөліскен мамандарды, сондай-ақ қазақ тілі мамандарының мобильдік топ жетекшісі Фариза Ерболатқызын таныстыра отырып, ма­рапаттарын табыстады. Қатысушылар мұндай тәжірибе алмасу алаңдары жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдіріп, шарадан «идеяға толы қоржынмен» тарқасты.

Ф.НҰРМҰХАНБЕТ,

«Жауқазын» бөбекжай- бақшасының қазақ тілі маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT