Жарыс төрінде – аула командалары

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 4-10 шілде аралығында А.Оңайбаев көшесіндегі ашық алаңда футболдан аула командаларының аудандық чемпионаты өтті.

«Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен өткен жарысқа 2012, 2013, 2014, 2015 жылғы туған жасөспірімдер қатысты. Бұл футбол чемпионатына Ахметжанов, Шүғыла, Тайманов, Тілендиев, ПМК, Абай, Жаңа ауыл, Жайық көшелерінің ко­мандалары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысында жүлделі 1 орын Ахметжанов көшесінің коман­дасына бұйырды. Жүлделі 2 орынға Жаңа ауыл командасы ие болса, ал 3 орынды Жайықов, Абай көшелерінің командалары қанжығасына байлады. Кезек үздік аталымдарға да берілді. Абай көшесінен Ертай Тұрланұлы «Үздік қақпашы» атанса, Тайманов көшесінен Амир Ешманов «Үздік ойыншы» деп танылды. Жайықов көшесінен Дидарбек Маулен «Үздік қорғаушы» атанса, ал Ахметжанов көшесінің командасынан Мәдихат Дархан «Үздік шабуылшы» деп та­нылды. Жаңа ауыл көшесі коман­дасынан Бақытбек Бекарыс «Үздік сұрмерген» атанды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, ме­даль, сыйлықтарымен марапатталды. Чемпионатқа демеушілік көрсеткен «Отбасы групп» шаруашылығының жетекшісі Ерік Дүйсекен қатысқан барлық командаларға сый-сияпаттар табыстады. Ауыл спортын дамы­тып, жас өрендердің спортқа де­ген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын осындай шараларға демеушілік көрсететін аудан кәсіпкерлеріне ұйымдастырушылар да алғысын білдіруде.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT