«Жарық жұлдыз»

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ән-биге деген қызығушылықтарын ояту, сахнада өздерін еркін ұстауға дағдыландыру мақсатында «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында балабақшаішілік «Жарық жұлдыз» байқауы өтті.

Байқау көркемсөз оқу, вокал, хо­реография бойынша үш кезеңнен тұрды. Көркемсөз оқу кезеңін қазақ тілі маманы Гүлнәсіп Бимағамбетова ұйымдастырды. Балалар Абайдың, Мұқағали Мақатаевтың өлең-жыр шумақтарын мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды. Бұл кезеңде І дәрежелі дипломмен «Құлыншақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Әлібек Айзада, ІІ дәрежелі ди­пломмен «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері Ардақ Жан­сель, Ерланқызы Ақгүл, ІІІ дәрежелі дипломмен Қыстаубай Ұлмерек, Атшыбай Алдияр, Атшыбай Ма­дияр марапатталды. «Алғыс хатқа» Алтынбекқызы Адина, Марат Жантөре, Қыстаубай Жансұлтан ие болды.

Вокал жанры бойынша музыкадан Назерке Камзина дәріс беретіндіктен балалар ана, Отан, балалық шақ ту­ралы әндер шырқап, маңайды әсем сазға бөледі. Қорытындысында І дәрежелі дипломмен Бұланқызы Ясина, ІІ дәрежелі дипломмен Жақсылық Ислам және Каримова Медина, ІІІ дәрежелі дипломмен Марат Жантөре, Бағдат Әдемі, Киха­ева София марапатталды.

Ал, байқаудың соңғы хореография кезеңіне жетекшілік еткен хорео­граф Гүлден Жұмағалиева. Балалар әртүрлі бағытта би билеп, жоғары деңгейде өнер көрсетіп шықты.

Балалардың өнерін тамашалаған балабақша әдіскері Шынар Каримова сөз сөйлеп, би жанры бойынша өнер көрсеткен «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілеріне І дәрежелі ди­пломды табыстады. Сонымен қатар ІІ дәрежелі дипломмен «Құлыншақ» т о бының тәрбиеленушілері «Теңізшілер» биімен, ІІІ дәрежелі диломмен «Гүлдер» ересек тобының тәрбиеленушілері, «Ягодка» тобының тәрбиеленушілері «Весна» биімен көзге түсіп, марапатталды.

А.БИТАНОВА,

«Нұршуақ» бөбекжай- бақшасының логопед маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521