Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлігіндегі тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады. Сол себепті автокөлік жүргізушілеріне көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн.
Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін, жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техикалық жай-күйін бақылап отырулары қажет.
Ең алдымен әрбір автомобильде жарамды өрт сөндіргіш болуы керек. Өрт сөндіргіш қажет болған жағдайда оны барынша тез және қысқа мерзімде өрт ошағын сөндіруге кірісу үшін қолжетімді жерде болуы керек. Яғни, өрт сөндіргіш міндетті түрде сенімді және мықты көлікте бекітілуі тиіс.
Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу т.б сайып келгенде көлік иесінің өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы көліктегі өрттердің пайда болуының басты себебіне айналып отыр. Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жалын пайда болатыны белгілі. Соның нәтижесінде көлік санаулы 3-4 минуттың ішінде қарқынды жанып үлгереді. Жану белгілері түтін, жалын немесе біртүрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін аккумулятордан ажыратыңыз.
Б а р л ы қ ж о л а у ш ы л а р д ы ң денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін жанып жатырған көліктен түсіріңіз. Кейін өрт сөндіру қызметінің 101, 112 нөмірлеріне қоңырау шалып, өрт сөндіру құралын өрт ошағына бағыттап шашыңыз. Егер өрт сөндіру құралыңыз болмаса, басқа қолда бар немесе айналадағы құралдарды құм, су, қар, брезент немесе жанғыш емес материалдарды пайдаланғаныңыз жөн.
Төтенше жағдайлар бөлімі