«Жарқын болашақтың» жарқын өнері

Әрбір нәзік жанның көңіліне көктем шуағындай сезім мен нұр құйған мереке қарсаңында аудандық жастар ресурстық орталығы интеллектуалдық сайыс өткізді. «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» атты сайысқа сан салада қызмет атқаратын қызкеліншектер қатысты.

Білім сайысында бақ сынап, көктемнің көркем мерекесінде күндей жайнап, қырмызы қызғалдақтай құлпырған қыздардан құралған командалар арасында аудандық орталық емхана ұжымы атынан қатысқан «Мейірімді жандар» тобы ІІІ орынды жеңіп алды. Сайыстың ІІ орны З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің «Зәмзәм» тобына бұйырса, І орынды «Jarqyn Bolashaq» жастар қоғамдық бірлестігінің  белсенді  мүшелерінен құралған «Жарқын болашақ» тобы иеленді.

Жеңімпаздардың баршасына гүл шоғы, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521