Атырау облысы полиция департаментінің Атырау облысы бойынша іс -шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығының 11 тармағына сәйкес, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын-алу мақсатында наурыз айының 15-18 күндері аралығында “Жанұя және бала” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шара кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жайсыз отбасыларды анықтау, есептегі тұлғаларды, өгей әкемен тәрбиеленетін отбасыларды мекен-жайларынан тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі күні бөлімнің “жайсыз отбасы” санатында есепте тұрған тұлғалар мекен-жайларынан тексеріліп, олардың тұрмыстық жай-күйі туралы, әлеуметтік жағдайы, жұмыспен қамтылуы, туралы актілер жасақталды.
Алкогольдік ішімдіктің, отбасындағы жан-жалдың бала өміріне, денсаулығына, оның болашағына тигізер зияны мен жанұядағы бала тәрбиесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара 18 наурызға дейін жалғасады.
Аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі