Жарқын болашаққа нық қадам

Ұлы даланың жеті қырының кез келген Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра-атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру, өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті қазақ елінің рухани байланыстыратын айрықша белгілі «Аң стилі өнері», әлемді тамсандырған «Алтын адам» жауынгері, Алтайдан бастау алатын түркі тарихы әлемдік экономиканың өркендеуіне септігін тигізген Ұлы Жібек жолы, қазақтың ұлттық брендісіне лайықты алма мен қызғалдағы ел аумағында орын алған тарихи ғана емес, әр қазақ үшін аса қымбат құндылықтар.

Сонымен қатар ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы. Оны іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді. Ежелден түркі әлемі Қазақстанды күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы ретінде мойындайды. Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады. Сондай-ақ «Түркі өркениеті: түп-тамырымен қазіргі заманға дейін» жобасы бар. Түркістанда тарихи мұраларының негізінде түркі әлемінің орталығын-музейін ашса, қандай керемет болар еді. Оны өткенмен, қазіргі уақыттағы тығыз байланысын көрсетумен қатар келесі ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді деген ойдамыз. «Рухани жаңғыру» жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыруға бағытталған ұсыныстары мемлекеттің нығаюына септігін тигізері сөзсіз. Тарихын білген ел ғана өткенінен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді.

Ж.ПАЗУЛОВ,

аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT