Санамызды жаңғыртты

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жеті тарауында бабаларымыздың өз заманында жеткен жетістіктері мен жаңалықтарын жіліктеп түсіндіріп, құймақұлаққа құйып, көкірегінде көзі барға көрсетіп, бүгінгінің саналы ұрпағына ұқтырып отыр.

 Еліміздің ғалым-жаңашылдары ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Президент түркі әлемінің бесігі- Қазақстан жастарына арнап, «Жастар жылын» жариялады. Енді міне, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр. Ұрпағымыз төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи сананы жаңғыртып, керемет озық идеяларды қолға алып, жобаларға атсалысатынына сенімдіміз.

«Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» деген атпен ғылыми-көпшілік фильмдерін шығарып, тарату- ұлтымыздың қаһармандарын тек өз елімізде ғана насихаттамай, шетелдерге де шығарып, әлем халқымен таныстыруды меңзейді. Келер ұрпақ өз арғы тегіндегі ұлт батырларын өзіне үлгі тұтып, өсетін болады деген ойдамыз.

Тәуелсіз Қазақстан даласынан тараған түркі халықтарының тарихын тірілтетін «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасын қолға алу ойда тұр. Алдағы уақытта Астана қаласында түркологтардың дүниежүзілік конгресі өтіп, түркі халықтарының мәдениет күндері өтпекші. Сонымен қатар түркі халықтарына ортақ туындыларына онлайн кітапханасын ашу маңызды болып тұр. Ең негізгісі, Ұлы даланың жеті қырымен танысып, арғы тегімізді түгендеп, тарихымызды жаңғыртып, келер ұрпақ мақтанатындай тың жобалар қолға алынбақ.

Ш.ИЗМАГАНБЕТОВА,

аудандық орталық кітапхана басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT