«Жаныңда жүр жақсы адам»: Оқушылар мәдениет майталманымен кездесті

З.Ещанова атындағы Махамбет аудандық балалар өнер мектебінің Бейбарыс ауылы бөлімшесінде “Жаныңда жүр жақсы адам" тақырыбында тәрбиелік шара өтті.

Өнер мектебінің "Вокал және аспаптық вокал" бірлестігінің "Құлақтан кіріп бойды алар" атты апталығының аясында өткен шараға "Жас дәурен" мәдениет үйінің басшысы, "Асқар шыңдарға ту тіккен 100 ауыл әйелі" энциклопедиясының кейіпкері, мәдениет майталманы Маншүк Жаленова шақырылды.

Кейіпкерімізауылдың ғана емес, ауданның мәдениетін көтеруден тыс қалмады. Мәдени жұмыстарға белсене араласып, қоғамдық жұмыстарды атқарумен қатар, ауылдан үлкен хор ұжымын құрып,дирижер ретінде үлкен байқауларда жетістікке жетті.

Кездесу кешініңнегізгі мақсаты - оқушыларды сыйластыққа, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа, үлкенді сыйлауға, жанымыздағы жақын жүрген адамдарды құрметтеуге, ынтымақтастыққа шақыру.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз