Махамбет ауданында «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістер талқыланды

Жиналысқа қатысушылар «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістерді талқылады.

Семинарға аудан және ауылдық округі әкімдері, әкімдік аппаратының қызметкелері мен бюджетке жауапты мамандар қатысты. Жиын Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқару реформасы негізінде өтті.



– Соңғы 30 жылда бағдарламамыз Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды реформалау және дамыту, соның ішінде мемлекеттік басқару саласында қолдау көрсетуде. Биыл Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалауға жәрдемдесу жөніндегі жоба іске асырылуда. Осы жобаның шеңберінде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, біз Қазақстанның 17 өңірінде әкімдіктер үшін семинар өткізуді ұйымдастырудамыз,- деді Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жоба сарапшысы Қанатбек Зертуймеев.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік құжаттарды әзірлеу және мониторингілеу басқармасының басшысы Мақсұт Құрықбаев әзірленіп жатқан заң жобасын өңірлермен тікелей талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені алдағы уақытта ұсынылып отырған реформаларды табысты іске асыру процесі жергілікті өкілді және атқарушы органдарға тікелей байланысты болады.

– Бүгінгі жиынның мақсаты – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесін талқылау. Сондай-ақ, аудандар мен облыстық маңызы қалалардың әкімдерін тікелей сайлауы туралы қабылданған заңның негізгі нормаларын түсіндіру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы әзірленген жаңа заңның және мемлекеттік сатып алу туралы заңның артықшылықтары айтылды. Жиын барысында ауыл әкімдері мен әкім аппаратының қызметкерлерінен көптеген сұрақтар туындады. Мемлекеттік меншік, кадр мәселесіне байланысты сауалдар қойылды. Айтылған ұсыныстардан кейін жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын дамытуға мүмкіндік пайда болады,- деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік құжаттарды әзірлеу және мониторингілеу басқармасының басшысы Мақсұт Құрықбаев.

Сондай - ақ, ол жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органдарын – «Кеңес» және Қалалық өзін-өзі басқару кеңесін құру жоспарланып отырғаны туралы хабарлады. Кездесу барысында ауылдық округтердің кіріс базасын ұлғайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету және т. б. мәселелер көтерілді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қатысты баяндама жасады.

Оның ішінде, сайлау процесінің негізгі новеллалары мен кандидатураларды ұсыну тәртібі, сайланатын аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ ауыл және аудан әкімдерінің сайлау процесі сипатталған. Сондай-ақ, ол 2023-2024 жылдары өтетін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің пилоттық сайлауын өткізу алгоритмі туралы баяндады.

Түсінік жұмыстарын жүргізуші топ осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің барлық облысын аралауды жоспарлап отыр. Семинар барысында қатысушылар көтерген барлық мәселелер мен сауалдар жергілікті өзін-өзі басқару заңнамасы мен саясатын одан әрі жетілдіру үшін назарға алынатын болды.2022 жылдың желтоқсан айында Парламентке талқылауға берілген заң жобасы барлық ұсыныс-пікірлер тыңдалғаннан кейін қол қоюға жіберіледі.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
10.jpg
8.jpg
9.jpg
10.jpg
11.jpg
9.jpg
10.jpg
11.jpg
12.jpg
10.jpg
11.jpg
12.jpg
13.jpg
11.jpg
12.jpg
13.jpg