Жандос Дүйсембаев, партия өкілі: «Дауыс беру талапқа сай өтуде»

№215 дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясының өкілі ретінде  қатысып отырған Жандос Дүйсембаевтың сөзінше, жауапты адамдар барлығын талаптарға сай ұйымдастыруда.

- Әр жерден келген ұйым өкілдеріне барлық тиісті жағдайлар жасалған. Референдумға бірінші болып келгендер өз таңдауын жасады. Мен де алғашқылардың бірі болып өз дауысымды бердім. Бүгінгі күніміздің ертеңгі тарихқа айналатынына сенемін. Осындай жауапты кезеңде өз үлесімді қосып, «AMANAT» партиясы атынан өкілдік етудемін.

Партия өкілдері референдумның ашық әрі әділ өтуін бақылайтын болады.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT