Таңдайлық Алтыбаевтар жанұясы өз таңдауларын жасады

Таңдай ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №222 референдум учаскесіне келушілер қатары артуда.

Болашақ ұрпақтың қамын ойлаған, өзгерістерге жоғары сенім білдіруші ауыл тұрғыны Қалығыз Избасова дауыс беру учаскесінің табалдырығын алғаш болып аттады. Сонымен қатар отбасымен келіп дауыс берушілер табылып жатты. Солардың бірі - Алтыбаевтар жанұясы.

- Келешегін ойлаған ел қашанда халқының қамын жасауға тырысады. Ата Заңымызға енетін өзгерістерге қанықпын. Бұрын Конституцияға түзету енгізгенде жоғарыда отырғандардың ғана даусы саналатын. Ендігі кезекте халықтың өз таңдауын жасауға мүмкіндік берілді. Бұл - деморкратияға бет бұрудың айқын көрінісі. Бүгінгі еліміз үшін маңызды күні жолдасым, ұлым үшеуміз өз таңдауымызды жасадық,- дейді отағасы Е.Алтыбаев.

Айта кету керек, Алтыбаевтар жанұясындағы Ералхан Сәкембай алғаш рет өз дауыс беруге қатысып отыр.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз