Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш референдумда дауыс берді

"Өнерпаз" мәдениет үйінде орналасқан №215 дауыс беру учаскесіне келушілердің қатары артуда. Аудан әкімі де еліміздің дамуына сеп болар референдумға келіп, өз таңдауын жасады.

- Бүгінгі күн - ертеңгі тарих. Конституцияға енгізілетін өзгерістермен жіті танысуға, референдумда дауыс беруді халыққа тапсырып отыр. Бұл дегеніміз - ел демократиясының алға жылжуының белгісі. Әрбір аудан тұрғыны референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды деген сенімдемін,- деді аудан басшысы.

Айта кету керек, аталған сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер саны 500-ге жуықтады.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT