Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Газбаллон» акциясы аясында аудан аумағындағы автожанармай және сұйытылған газ құю бекеттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында келесі талаптарды қатаң сақтау ескертілді:
-
қозғалтқышы қосылған көліктерге жанармай құюға болмайды;
-
найзағай ойнап тұрған кезде немесе атмосфералық разрядтар кезінде жанармай құюға тыйым салынады;
-
майлы киіммен жұмыс жасауға болмайды;
-
қауіпті жүктердің (1–9 класс: жарылғыш, улы, радиоактивті заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен материалдар) тасымалданатын көліктеріне жанармай құюға болмайды;
-
ішінде жолаушылары бар көлікке жанармай құюға болмайды (төрт және одан да көп есігі бар жеңіл автомобильдерден басқа);
-
жанар-жағармай станциясы жабдықтарына қатысы жоқ жөндеу жұмыстарын аумақта жүргізуге тыйым салынады.
Өрт сөндіргіштер – шағын өрттердің алдын алуға немесе оларды сөндіруге арналған портативті құрылғылар. Олар өрт қауіпсіздігі жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады және өрттің өршуіне жол бермей, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Автокөлік өрт сөндіргіштері де көліктегі қауіпсіздік құралдарының маңызды элементі саналады. Олар жүргізу кезінде немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан туындауы мүмкін өрттерді тез әрі тиімді сөндіруге мүмкіндік береді. Көлікте өрт сөндіргіштің болуы – шағын өртті үлкен апатқа ұласпай тұрып тоқтатудың кепілі.
Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі


