Тәртіп пен заңға құрмет – берекелі қоғамның берік тірегі

Мемлекет басшысы Жолдауда құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды мемлекет дамуының басты шарты ретінде атап өтті. Заңның үстемдігі – ел тұрақтылығының, қоғам тыныштығының және азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің негізгі кепілі. Президент көтерген бұл мәселелер бүгінгі күннің талабына толық сай келеді және әрбір өңір үшін айрықша маңызды.

Ауданда құқықтық мәдениетті арттыру, қылмыс профилактикасын күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Тәртіп сақшылары, білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар жүргізуде.
Президенттің «Заң және Тәртіп» бастамасы жергілікті деңгейде де құқық қорғау қызметін жаңғыртуға, цифрлық технологияларды енгізуге, ашықтық пен есеп берушілікті арттыруға тың серпін береді. Бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы қоғамдық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы ұсынған құқықтық реформалар – еліміздің тұрақтылығын сақтауға, қауіпсіз ортаны нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT