Лудомания – қазіргі қоғамда кең таралып келе жатқан өте қауіпті тәуелділіктің түрі. Ойын бизнесінің қолжетімділігі, жарнамалардың көптігі және жылдам байығысы келетін адамдардың саны бұл мәселені одан сайын ушықтырып отыр.
Көпшілік лудоманияны жай әдет немесе бос уақыт өткізу деп ойлауы мүмкін, бірақ шын мәнінде ол адамның психологиясына, қаржылық жағдайына және әлеуметтік өміріне үлкен зиян келтіретін ауыр дерт.
Лудоманияға шалдыққан адам уақыт өте шынайы өмірден алыстап, ойын әлеміне тәуелді болып қалады. Ол отбасы мен жұмысын ұмыт қалдырып, бар уақытын және ақшасын казино, букмекерлік кеңсе немесе онлайн ойындарға жұмсайды. Мұндай адамның санасында «жеңілемін» деген ой емес, «келесі жолы міндетті түрде жолым болады» деген жалған үміт басым тұрады.
Бұл тәуелділіктің ең қауіпті тұсы – адам байлыққа емес, үмітке тәуелді болады. Қарызға батуы, жақындарымен араздасуы, өзіне деген сенімін жоғалтуы және психологиялық күйзелістердің пайда болуы – лудоманияның шынайы салдары. Сондықтан бұл мәселені жеңіл қарастыруға болмайды. Тәуелді адамға қолдау, түсіністік және кәсіби көмек қажет.
Лудомания – тек жеке адамның емес, бүкіл отбасының және қоғамның мәселесі. Одан шығу жолы бар, бірақ ол адамға емес, оның айналасындағыларға да жауапкершілік жүктейді. Жақындарымыздың жүріс-тұрысын бақылап, уақытында көмек қолын созу – маңызды қадам. Ең бастысы, әр адам өз өмірін құнды деп түсініп, уақытша ойынның алдамшы әлеміне болашақта өкініш әкелетін қадам жасамауы керек. Тәуелділіктен арылудың алғашқы қадамы – мәселені мойындау және көмек сұраудан ұялмау.
Г.Сәдуақас,
Махамбет ауданы


