Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Президент 2020 жылдың 21 қазанында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауы туралы халыққа Үндеу жариялады.

Жаңа сайлау уақытын 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізуді жоспарлады. Еліміздің саяси жаңғыру үдерісі аясында азаматтардың ел тағдырына қатысу деңгейін кеңейтетін нақты шаралар белгіледі.

Бір қуантарлық жаңалық, алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізілуі.Бұл құқық олардың елдің саяси өміріне белсенді түрде қатысуына мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлік жайт, алдағы мәслихаттар сайлауы әлемдік тәжірибеге негізделе отырып, алғаш рет партиялық тізім бойынша өтетіндігінде. Бұл бастама еліміздегі саяси жүйені толық демократияландырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Қазір бүкіл әлемдегі жағдай пандемия салдарынан тұрақсыз. Ел экономикасы дағдарысқа түсіп, халықтың әл-ауқатының артуына кері әсерін тигізуде.

Алда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жақындап қалды. Бұл тәңірдің бізге берген үлкен сыйын ұстап тұрып, халық игілігі үшін дамыту –бүгінгі күннің басты мәселесі. Қабылданған жаңа бастамалар аясында өткізілетін сайлау нәтижелерінде ел қамын ойлайтын халық қалаулылары сайланып, олар елді дамытатын міндетті шаралар қабылдап жатса, еліміз өсіп-өркендейді деп ойлаймын.

Ж.ДОСҚАЙЫРОВ,

кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521