Мұз айдынында қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Қыс мезгілі өзінің табиғи ерекшелігімен бірге, қауіп те төндіреді. Мұз тұрақты аяз қалыптасқанға дейін толықтай қатпайды.

Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса, ол күндіз еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Өзін-өзі құтқару ережелерін, мұз үстінде аман қалу жолдарын, құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра және мұз өткелдері мен өту жолдары, қауіпті орындарда қауіпсіздік белгілері мен сілтегіштерге ден қоюлары қажет.

jaiyq71220

Жайық өзеніндегі мұз үстінде адамдардың суға кету оқиғасын алдын-алу барысында Махамбет ауданы ТЖБ, №11 Өрт сөндіру бөлімі және полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, жадынама бетшелерін таратты. Қысқы уақыттағы тағы да бір қауіпті төтенше жағдайлардың бірі ол боранды, дауылды күндері далада қалып қою. Қарлы боран қатты аязбен қабаттасса, аса қиын жағдай туындайды. Ауа-райының аяқ астынан құбылуы таң қалдыратын жағдай емес. Осындай құбылмалы кезеңде жолға шыққан жолаушыларды, малшыларды табиғат қыспаққа алып, жолдарды, тұрғын үйлерді қар басуы сияқты адам өміріне, шаруашылыққа зиян әкелетін төтенше жағдайлардың туындауы мүмкін.

jaiyq71220-1

Сондықтан қыс кезіндегі ауа райының қолайсыздығынан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көлік қозғалысын шектеу үшін жолдарды жабу және басқа да тиісті шаралар қабылданады. Алайда халық ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып кетіп жатады. Қыс мезгілінде жолға шығар алдында, метеорологиялық мәліметтерді тыңдап, дауылдық ескертудің жоқтығына көз жеткізгеніңіз жөн.

Әрбір адам төтенше жағдай кезіндегі өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерін жинап, осы жоғарыда айтылған қауіпсіздіктің қарапайым шараларын естен шығармаған абзал.

Махамбет ауданы ТЖБ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT