Танымал спортшы А.Назаровпен кездесу өтеді

Атырауда 17 қыркүйек күні ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаровпен кездесу өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ел намысы-ер намысы» деп аталатын рухани кездесу «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылуда.

Кездесу 19:00-де «Құрманғазы» мәдениет үйінде өтеді. Сонымен қатар, 17 қыркүйек күні сағат 10:30-да «Жалын» мәдениет үйінде Ардақ Назаров Исатай ауданының тұрғындарымен кездесетін болады.

Айта кетейік, ұлт жанашыры, елімізге танымал спортшы Ардақ Назаровпен кездесу үшін кіру тегін.

Атырау облысының Өңірлік

коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз