Жалғансайлық тұрғын жоғалған ұлын тапқан тәртіп сақшыларына алғыс айтты

Махамбет ауданы Жалғансай ауылының жергілікті тұрғыны 39 жасар ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, аудандық полиция бөлімінің "102" операторына түн ішінде із-түзсіз жоғалған азамат туралы хабарлама түсіреді.

Аудан полицейлері жоғалған 39 жастағы азамат туралы мәліметтер жинақтау барысында, оның жүйке жүйесінің зақым алуынан психикалық ауытқуы бар екенін, бұған дейін де кетіп қалатын әдеті барын, бірақ, үйге өзі келетіні туралы ақпараттарды білді.

Жан-жақты іздестіру жұмыстары нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған азаматты ауданның Бақсай ауылдық округіне қарасты шаруашылық далалығынан тауып, анасына тапсырды.

Өз кезегінде ұлының аман-есен табылғанына қуанған анасы  тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

«Жайық-Ақпарат»

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз