Махамбеттік полицейлер аудан аумағында орналасқан «АгроХолдинг-Зеленое поле » егін шаруа қожалығында орын алған ұрлықты әшекереледі.
Көлік иесі, осы шаруа қожалығының агрономы 1983 жылы туған С. Қабыловтың мәлімдеуінше, 3 тамыз күні түнгі сағат 21.00-де белгісіз адамдар жеке меншік көлігін мініп кеткен. Сол уақытта 102 нөмірі арқылы Махамбет ауданы полицейлеріне дереу хабар берген. Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуінің арқасында 20 минуттың ішінде көлік ұрлаушылар Атырау-Индер тас жолының бойында қолға түсті.
{ytvideo https://www.youtube.com/watch?v=TA3M3F-e8Mg&feature=youtu.be|16:9}
1992 жылы туылған күдікті бұдан бұрын да ҚР КК-нің 188 бабы 200 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Көлік иесі жедел қимылдап, тез арада көлігін іздестіруге атсалысқаны үшін аудан полицейлеріне алғысын білдірді.
«Жайық-Ақпарат»


