Бұл сайлаудың маңызы зор

Бүгін Сарайшық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнара Зинеденова, Қайрат Жұмашев, Қылышбай Қазиевтар ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын ұсынды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Г.Зинеденова алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталып, партияның бағдарламасы туралы өз ойларымен бөлісіп, «Nur Otan»-ға бір кісідей дауыс беруге шақырды.

-Келер жылы 10 қаңтарында өтетін Парламент және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлау - аса маңызды саяси науқан болып табылады. Оның басқа сайлаулардан өзгешелігі-электронды дауыс беру бағытында өтетіндігінде. Саяси науқанда партиялар мен депутаттыққа үміткерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мұнда әлеуметтік мәселелер мен оның орындалуына маңыз беріледі. Атап айтсақ, жұмыс орындарының ашылуы, мектептер мен балабақшалардың салынуы, инфрақұрылымның жасақталуы, таза ауыз су, көшелердің жарықтандырылуы, денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері басым бағытқа ие болады. Бұл сайлау күрделі геосаяси жағдайда өткелі тұр. Соңғы кездері әлемдегі ахуалға, АҚШ, Грузия, Белоруссия секілді елдердегі тұрақсыздыққа парламенттік және президенттік сайлаулардың өз деңгейінде өтпеуі себеп болды. Соған байланысты сайлаушылар мен саяси партиялардың наразылығы саяси дағдарысты туындатқан еді. Бұл сайлауда әйелдер мен жастарға арнайы квота берілгелі отыр. Мәселен, әлем елдерінде әйелдердің сайланбалы органдарда өкілдік етуін арттыру құралы - әйелдер үшін арнайы квоталар енгізіледі екен. Партиялық квоталар Еуропа елдерінде кеңінен қолданылып жүр. Әсіресе, Германия, Норвегия, Франция, Бельгияда сайлау туралы заңда тиісті нормалар бекітілгенін білеміз. Енді Қазақстан да осы әлем тәжірибесін қолданып көрмек. Бұл әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік береді. Жылма-жыл әйелдердің қоғамдағы рөлі артып келе жатқанын жасырмаймыз, - деді ол.

qai161220

Үміткер Қайрат Жұмашев ең алдымен ауылға керегі су, жол, мектеп екенін, киелі мекен Сарайшықта біраз жұмыстар жоспарланғанын, ауданда 8411 жас барын айтып, олардың алған дипломын шаң баспай, кәдеге асуын, ол үшін алты ай жастар тәжірибесінен өтуге болатынын қаперледі. Оқу бітірген жастар үйде тек жатпай, белгілі кәсіппен айналысып, жұмысқа тартылса деген де тілегін жеткізді. Сонымен қатар ол діни экстремизм-терроризм мәселесіне де тоқталды. Бұрын жат ағымға бет бұрғандар қай ауылдан да табылып, бір кездері шетел асушылар көбейіп кеткенін, имам, теолог мамандармен 7-8 рет кездескен соң бір-екі азаматты кері қайтарғанын, олар асыл дінімізге бетін бұрғанын еске алып, барлық сарайшықтықтарды «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қылышбай Қазиев «Nur Otan» партиясының рөлі, атқарып отырған жұмыстарына, партияның бағдарламалары мен жобаларына, партияның сайлауалды бағдарламалық межелі міндеттері, қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, білім саласы туралы ойларын ортаға салды. Ол партия халық үніне құлақ асатынын да айтты.

-Бұл еркін сайлау-халық таңдауы. Қазақстанда жаңа саяси күштер қалыптасуда. Біздің ойымызша бұл елімізде саяси тұрақтылық пен парламенттік демократия өзінің эволюциялық жолымен дамып келеді. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған 29 жыл ішінде үлкен сындарлы жолдардан өтті. Әрине, бұл тарихи өлшем тұрғысынан алғанда аз уақыт. Еліміздің осы уақыт ішінде жүріп өткен жолы, қабылдаған шешімдері бір дәуірге лайықты деп ойлаймын. Сол себепті жұртшылық сайлау науқанында үлкен саяси сауаттылық пен мәдениеттің үлгісін көрсетеді деген тілектемін, - деді Қ.Қазиев.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT