«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстар жалғасуда.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында Махамбет ауданы Алға ауылында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аудандық мәслихат депутаттығына партия атынан ұсынылған Серік Қойшығұлов пен Еркебұлан Кенжеғалиев алғалықтарға ауданда алдағы бес жылда жүзеге асатын жобалармен және жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағытындағы шаралармен таныстырды. Партия жеке сектор бойынша үй құрылысын салу мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында Алға ауылында инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымын, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын, 160 орындық балабақша құрылысын жүргізуге ықпал етпек.
- Бүгінгі кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағытын халыққа түсіндіруден бөлек олардың да ұсыныс-тілектерін тыңдадық. Жауапты орындарға жеткізетін боламыз, - деді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер С.Мақсотұлы.
Праймеризде өзінің сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлік саласын дамытуды мақсат еткен үміткер Е.Кенжеғалиев жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану, әсіресе ауылдық жердегі тұрғындарға мал басын көбейту бағытында көмектер барын тілге тиек етті.
- Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды мақсат еткен «Nur Otan» партиясы мемлекеттік ынталандырудың барлық шараларын пайдалану арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетпек. Нәтижесінде 2025 жылға дейін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 1,8 мыңға жеткізілмек. Ал жұмысшылардың саны 3200 адамға артпақ. Мұның бәрі де партияның алға қойған жоспарында айқын көрсетілген. Сондықтан да сіздердің дауыстарыңыз маңызды екенін, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді Е.Кенжеғалиев.
Кездесуге қатысқан тұрғындар да сайлау алдындағы науқанда үміткерлерге қош келдің айтып, сәтті сапар тіледі.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді