«Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

8-10 қаңтар аралығында Атырау облысы Махамбет ауданында «Жалған нөмірлер» атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жалған, өзгертілген немесе талапқа сай келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдалану фактілерін анықтау және олардың жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Махамбет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізушілерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, тек заңды түрде орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалануға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Махамбет аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT