Таза орта – тұрақты даму кепілі

«Таза Қазақстан» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан, ел болашағына тікелей әсер ететін ауқымды экологиялық жоба. Президент бұл бастаманың бір реттік шара емес екенін бірнеше рет атап өтіп, 2026 жылы да «Таза Қазақстан» идеясы жүйелі түрде жалғасын табуы тиіс екенін айтқан. Бұл – экология мәселесінің мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді.

Жоба қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Президенттің айтуынша, табиғатқа жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Осы орайда қоқысты сұрыптау, жасыл желекті көбейту, су мен жер ресурстарын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

«Таза Қазақстан» бастамасы арқылы қоғамда тазалық пен тәртіпке деген көзқарас өзгереді, әсіресе жастар арасында экологиялық сана қалыптасады. Әр адам өзінен бастап, айналасын таза ұстауға үлес қосса, 2026 жылы да, одан кейін де таза, көрікті және өмір сүруге қолайлы Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз.

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT