«Тәні сауды – жаны сау» демекші, әрбір тұлға спортпен шұғылданып, өзін жаттықтырып, әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе, оның жан-дүниесі таза, тәні таза болады.
Күні кешегі келген әлемді дұр сілкіндірген мына вирус тазалық сақтау, әсіресе қолды үнемі жуып жүру, антисептик пен маскамен қорғану сияқты күнделікті үйреніп қалғандаймыз! Осы ретте де адамға бойға қуат береті нәрлі ас пен спорттық жаттығулар керек.
Жалғансай орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойында дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Сиджанова мен Ж.Шыниязовтың ұйымдастыруымен мектеп қызметкерлері мен мұғалімдері арасында «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» атты интеллектуалдық-эстафеталық сайыс өтті. Мақсаты – СӨС ұстану, спорт мәдениетін кең тарату. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулықты нығайту.
Оған «Қазақстан», «Жалғансай», «Тәуелсіздік», «Зымыран» атты 4 команда қатынасып, ұрандатып өлең шумақтарын айтты. Спорттық эстафетада команданы таныстыру (әр топ таныстырып, ұранын айту), «Шариктер» (шеңбер ішіндегі шариктерді шелекке жинау, кедергілер арасымен жүру), «Кім жылдам» (гимнастикалық орындықта жылжып, кедергілер арасымен жүгіріп, шахмат құрастыру), «Шығыршық» (шығыршық арасымен өтіп, үстелдегі шарды жару), «Кенгуру» (қапшықпен жарысу), «Батут» (үлкен доппен жүгіру) сияқты кезеңнен тұрды. Әділқазылар алқасы ойын соңында «Зымыран» Бас жүлде, «Тәуелсіздік» І орын, «Жалғансай» ІІ орын, «Қазақстан» ІІІ орынды қанжығаларына байлап, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гулбанат АКБЕЙСОВА,
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары