«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасында мерекелік шара өтті

«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасының ортаңғы «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушілерімен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік шара өтті.

Аталмыш шарада балалар патриоттық әндер мен тақпақтар, мақал-мәтелдер айтты. Сондай-ақ мың бұралған бишілер  мерекелік шараға жақсы көңіл-күй сыйлады. Осы орайда ата-ана ретінде, «Жұлдыздар» тобының тәрбиешісі А.Аймағамбетоваға балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елін, жерін сүюді, патриоттық тәрбие беруді насихаттағаны үшін және де осы топ апайлары А.Галиева мен А.Танатароваға алғыс айтамын. Келешек ұрпақты тәрбиелеуге мұқалмас жігермен қажырлы еңбек тілеймін.

Баршаңызды және осы «Қызғалдақ» бөбекжай ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Отбастарыңызға амандық, еңбектеріңіз табысты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгі болсын.Ұлтымыздың Қастерлі Тәуелсіздігі барша жұртымыздың рухымен асқақтай берсін!


Ақзилаш Мұжықбанова

«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушісі

Әзел Мараттың ата-анасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз